Білім күні қарсаңында Шымкент қаласында №151 Келешек мектептері жобасы аясында салынған білім ұясы ел игілігіне берілді. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып бүлдіршіндерді алғашқы қоңыраумен құттықтады. Айта кетейік, жаңа білім ошағы заман талабына сай салынып, балалардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.
