УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КҮЛТӨБЕ» ЖАҢА ТУРИСТІК НЫСАНҒА АЙНАЛМАҚ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Күлтөбе қалашығы аумағын абаттандыру мәселесі талқыланды. Жиында жобаның негізгі бағыттары таныстырылып, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды. Айта кетейік, Түркістан қаласындағы Күлтөбе қалашығы алдағы уақытта өңірдің таңдаулы туристік нысандарының біріне айналмақ. Қалашық аумағынан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі толық көрінеді. Сан ғасырлық тарихы бар бұл нысан ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, жоба ЮНЕСКО-ның қадағалауымен жүзеге асырылуда.