Түркістан облыс орталығына айналғалы тұрғын үйге де сұраныс артқан. Қазір 24 мың түркістандық баспанаға мұқтаж. Кезекте тұр. Түрлі бағдарламалармен үлестіріліп те жатыр. Қаңтардың қақ ортасында «сатып алу құқығымен жалға берілетін баспаналарға» һтінім қабылдау басталды. КӨптің арасында «арендное жилье» деп аталатын үйге кімдер үміткер? Маманнан сұрап білдік.
Айта өтейік, бұл конкурс жеңімпаздары «Жаңа қалада»салынып жатқан су жаңа тұрғын үйлерден пәтер алады. Құжаттарын құнттауға әкімдік қызметкерлері кірісіп кеткен. Мемлекеттік қызметкерлерге үлестірілетін пәтер- жалға беріледі. Яғни , 20 жыл ішінде өз меншігіне сатып алу құқығымен жалға ала алады. Ең бастысы – алғашқы жарна талап етілмейді, бұл көпшілік үшін тиімді шарттардың бірі.
