УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МАС КҮЙДЕ ЭЛЕКТРОСКУТЕР ТІЗГІНДЕГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан қаласында профилактикалық іс-шаралар барысында полиция мас күйде электроскутер басқарған 35 жастағы ер адамды анықтады. Құқық бұзушы шағынаудандардың бірінде тоқтатылған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Полиция жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданып, жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Оқиға полицейлердің бейнетіркегішіне жазылып алынған. Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау күшейтілді. Соңғы бір аптаның өзінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 100-ден астам электроскутер арнайы айыптұраққа қойылған. Полицейлер кез келген көлік құралын мас күйде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.