УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КАПСУЛАЛЫ ҮЙЛЕР ШЫҒАРЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылып жатыр. Әдетте мұндай үйлерді туристтік аймақтарға қояды, дегенмен, бұл сендвич үй, модульді кеңсе, мобильді үй, қонақ үй тіпті дала зертханасы ретінде пайдалануға болады. Кәсіпорын жылына 200 дана дайын өнім шығарады. Аталған жоба 2025 жылы облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында нақты келісімге айналған болатын. Сол келісім бүгінде нақты нәтижесін беріп, Түркістанда «KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлер өндіріле бастады.

Кәсіпорында тәулігіне 1 000 шаршы метрге дейін сапалы сэндвич-панель өндіретін жоғары технологиялық желі жұмыс істеп тұр. Бұл өнімдер жылу оқшаулау, беріктік және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сай. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы нәтижесінде 30-ға дейін тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоба өңірде жоғары технологиялық өндірісті дамытуға, импортты алмастыруға және құрылыс саласын сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.