Түркістанда имамдардың білім жетілдіруге бағытталған Ислам институты ашылды. Салтанатты шараға Өңір басшысы Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы мен ел ағалары қатысып, дінімізді дәріптейтін ғимарат ашып берді. Жиында облыс әкімі Мемлекет басшысының дәстүрлі исламды дәріптеу және оның ғылыми-теориялық негізін дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталды.
Ғимарат облыс әкімдігінің бастамасымен салынған. «Хилует» қоғамдық қайрымдылық қоры мен демеуші азаматтардың қолдаумен жүзеге асып отыр. Маңызды жиныда бас мүфти институт шәкірттерімен кездесіп, тағылымды дәріс те оқыды.
90 имам бір уақытта білімін жетілдіре алатын институттың жалып ауданы 1250 шаршы метрді құрайды. 40 орындық кітапханасы бар. Қазақстанның барлық аумағынан имамдар келе алады.Ол үшін арнайы 45 орындық жатақхана да қарастырылған.Ғимарат заманауи үлгідегі материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған. Айта кетейік, бүгінде облыста 745 мешіт бар, онда 1400 ден астам дін қызметкерлері жұмыс атқаруда.
