Тұрғындардың басым бөлігі Егов порталында мәйіттік донор болға келісім бермейді. Трансплантолог дәрігерлер жеткілікті болғанымен донор тапшы. Сондықтан 4 мың адам қазіргі таңда жаңа ағза зәру. Арнайы кезекке де тұрған. Бүгінде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында қиын деген трансплонтациялық оталар жасалынады. Ауруханада бүгінгі күнге дейін 34 бүйрек трансплантациясы және 2 бауыр трансплантациясы сәтті орындалды.
Жалпы оталардың ішінде 1 трансплантация мәйіттік донордан, қалғандары — туыстық донорлардан жасалған. Туыстық донорлықпен бауырын анасына берген Сахавитдинова эльвира қазір жағдайы жақсы екенін айтады. Бүгінде ол 3 ай сайын арнайы медициналық тексерістен өтіп тұрады екен.
Бауыр ауыстыру қиын болғандықтан бұл операция жиі жасалмайды, әрі оған донор табу да қиын. Ағза трансплантациясы — ауыр дертке шалдыққан науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін медицинадағы маңызды бағыттардың бірі.
Облыстық клиникалық аурухананың мамандары трансплантология саласын дамытуды қолға алған. Дәрігерлер де жиі біліктілігін арттырып тұрады. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Түркістанда жаңа нысандар саны артуда. Жыл соңына дейін киелі шаһарда халықаралық талапқа сай атшабар ел игілігіне беріледі. Бүгінде бұл нысанның құрылысы қарқын алған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аралау барысында атшабардың құрылыс барысын қадағалады. Жауаптыларға бірқатар сын-ескертпе айтты. Басты талап құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобаға сай болу қажет! Сондай-ақ әкім сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырды.
Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері де жүргізілуде. Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады.
