УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жаңа жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ең маңызды өзгерістердің бірі – қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу тәртібі.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылдық айналымы 43 млн теңгеден асқан кәсіпкерлер төлеуге міндетті. Яғни, 10 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен артық табатындар табысының 16 пайызын салыққа береді. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелу керек. Өтінішті айналым шегінен асқаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тапсыру қажет. Өтініш беру процесі бұрынғыдай, «Салық төлеушінің кабинеті» немесе eGov порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Салық органдары тіркеудің жүргізілгенін бақылайды. Егер бұзушылық анықталса, кәсіпкерге ескерту жібереді. Оны орындауға бір ай, яғни 30 күн береді.
Өзгерістер туралы брифинг барысында Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары баяндады.

Сондай-ақ реформа есептілік көлемін 30% және салықтарды 20% дейін азайтуды көздейді. Медицина мен білім беру саласына арналған 5% төмендетілген корпоративтік салық және қымбат автокөліктерге, яхталар мен жылжымайтын мүлікке арналған сән-салтанат салығы енгізіледі.
Енді табыс деңгейіне қарай прогрессивті мөлшерлеме қолданылады:
жылдық табысы 35 млн теңгеге дейінгі азаматтар – 10%, ал бұл сомадан жоғары табыс тапқандар – 15% салық төлейді.