УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысының табиғаты тамаша, табиғи келбеті бұзылмаған ауданы Түлкібас, алдағы жылдары бұл аймақта жаңа әлемдік деңгейдегі демалыс аймағы салынады. Аймақ басшысы шетелдік инвесторлармен жолығып, келіссөздер жүргізді. Жобаның негізгі тұжырымдамасы – «Орталық Азияның жүрегі, әлемге ашылған терезе». Бұл идея Түлкібасты тек ішкі туризмнің емес, Орталық Азия мен әлемді байланыстыратын халықаралық мәдени-туристік орталыққа айналдыруды көздейді. Мега жоба аясында Қазақстандағы алғашқы цифрлық мәдени- туризм платформасы қосылады. Барлық құрылыс және жоспарлау жұмыстары халықаралық стандарттарға сай, экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қызмет көрсету сапасы мен басқару жүйесі кәсіби деңгейде ұйымдастырылады. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтиды әрі халық аралық стандарттарға сай оқытады. Айданда гастраномдық нысандар, сауда ойын-сауық кластері, жаңғы және шөптен сырғанау аймағы мен жұлдызды шатырлар мен ұлттық ойын кешендері бөй көтереді. Бастама биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болады.