УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ЖАҢАРТУҒА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында тозығы жеткен электр желілері жаңартылады. Халықты сапалы электрмен қамту үшін жасалып жатқан жұмыс аз емес. Десе де инфрақұрылым жүйесі заманауи талапқа сай болу керек. Осы мәселені газарға алған өңір басшысы Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында облыстағы елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы жарықпен қамту, тозған электр желілерін реттеу және жаңа қосалқы станциялар салу бойынша ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерін енгізу мәселелері де сөз болды. Алдағы үш жылда өңір бойынша 800 шақырымға жуық электр желісі жаңарады. Ал 23 қосалқы станция мен 343 трансформаторға қайта құру жұмысы жүргізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, энергия тапшы аудандарда қосымша 230 мегават пайда болады деп көзделген. Кездесу барысында Сарыағаш ауданында қуаты 220 киловат болатын «Жібек жолы» қосалқы станцияның құрылысын салу бойынша ұсыныс берілді.