УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘСІБИ МЕРЕКЕ АЯСЫНДА КІТАПХАНАШЫЛАР ТӨРГЕ ШЫҚТЫ

24- қазан кітапханашылар күні. Кәсіби мереке аясында Шымкентте «мамандығым мақтанышым» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік шараны Ақпараттық білім беру орталығының ұжымы ұйымдастырды. Мерекелік жиынға шаһардағы кітапхана басшылары мен ардагер мамандар және осы мамандықты таңдаған студенттерді арнайы шақыртылған. Алдымен кітапхана саласында еңбегі сіңген үздік мамандар мен ардагерлер алғыс хатпен марапатталды.
Нұржамал Жазықбайқызы білім беру саласында 25 жыл және кітапхана саласында 15 жыл еңбек еткен. Кітапханаылардың еңбегі ерең деп есептейді. Кәсіби мереке аясында мерейі үстем болғандардың қатарында. Себебі ол қазақстан республикасы оқу ағарту министірлігінің арнайы білім беру ісінінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталды.

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес болған ғылымды көпшілік оқырманға және ғылым мен білімді,ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітап болса, киелі шаңырақ — кітапхана, рухани байлықты ғылым ізденушілер мен оқырманға таныстырып, табыстаушы тұлға – кітапханашы. Дәл осы мамандықта оқитын студенттер де өздері таңдаған мамандықтарымен мақтанатындарын жеткізді.