Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы жалғасын табуда. Бұл бастамадан №52 мектеп-лицейінің оқушылары да шет қалған жоқ.білім ұясының ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жасыл желекке ерекше қамқорлық жасалды. Оқушылар гүлдерді суғарып қана қоймай, табиғатты қорғауға үн қататын суреттер салып, үй жағдайында гүл отырғызу мен өсірудің қыр-сырын түсіндірді.
Сонымен қатар ашық сабақтар өтіп, әрбір жас жеткіншек табиғатқа жанашырлықпен қараудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет сезінді.
Бұл игі шаралардың барлығы – жас буынға тек білім беріп қана қоймай, оларды жауапкершілікке, туған жерін сүюге баулудың айқын көрінісі.
Ұстаздардың айтуынша 2024-2025 оқу жылында жалпы орта білім бойынша 1 оқушы «Алтын белгіге», 7 оқушы үздік аттестатқа ие болған. Ал Қазіргі таңда лицейде 2000 ға жуық оқушы білім алуда. «Таза Қазақстан» жобасы аясында атқарылған шаралар оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйретіп келеді.
