Шымкентте аумақтық қорғаныс бригадасында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны басталды. Тоқсаннан астам азамат он күнге «Ақтас» полигонына аттанды.
Мақсат – жауынгерлік дайындықты күшейту, әскери дағдыларды шыңдау.
Арнайы жинаға запастагы летинанттарда шақырылған. Оның бірі физика пәнінің мұғалімі Мақсат Юлдашев
Жиынға 93 әскери міндетті қатысуда. Олар 17–26 қыркүйек аралығында тактикалық жаттығулардан өтеді. Әскери бөлім командирінің айтуынша, полигонда барлық жағдай жасалған.
Әскери міндеттілер мұндай жиынға әр бес жыл сайын шақырылады. Жауынгерлік дайындық кезінде олардың негізгі жұмыс орны мен жалақысы сақталады.
