УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Screenshot

Шымкентте «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың қалалық тамыз конференциясының техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған панельдік сессиясы өтті.

Іс-шара М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ұйымдастырылып, оған 300-ден астам педагог пен сала мамандары қатысты. Конференция пленарлық отырыстан басталып, бірнеше бағыттағы секциялық жұмыстармен жалғасты.

Пленарлық отырыста Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Қасымова қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім беру жүйесіндегі басым бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, “Talap” КЕАҚ, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы және өндірістік серіктестік өкілдері баяндама жасап, дуальді оқыту, кәсіпкерлік әріптестік, WorldSkills қозғалысы мен еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Майра Абдраимова өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғанына тоқталды. Ол кәсіби кадрларға деген сұраныстың артып отырғанын, осы орайда колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту, кәсіпорындармен әріптестікті күшейту және мемлекеттік тапсырысты жұмысшы мамандықтарына көбірек бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастаманың маңызды бағыттарының бірі – колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру. Бүгінде педагогтер заманауи технологияларды меңгеріп, өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби дамуға арналған курстарға тұрақты қатысып келеді.