Енді мамандарды жұмысқа аларда олардың білімі мен тәжірибесі туралы құжаттар Бірыңғай цифрлық платформаға тіркеледі! Жаңа жүйе пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Сала жауаптылары Шымкенттік мамандарға жаңа платформамен жұмыс істеу үрдісін түсіндірді. Ақпараттық насихат жұмысын арттырды. Бұл жоба Президенттің жолдауындағы тапсырма аясында іске асқан.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай цифрлық платформа арқылы әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларын тарату моделін сынақтан өткізіп жүр. Бұл цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуге, оларды көрсету кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға сеп болады екен. Жаңа формат пилоттық режимде Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында іске асырылып жатыр.
Платформамен жұмыс істеуді алдымен тиісті мекеме басшылары мен кадр жөніндегі мамандарға үйренеді. Енді кадрлардың құжаттары, табель жүргізу барлығы цифрлық форматқа өтеді. Айта кету керек, цифрлық
Жүйе аясында іске асқан жобалар бойынша мегаполис көш бастап тұр. Шаһарда бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасын табады.
