Қызылжарлық тұрғындардың мәселесі шешілетін күн жақын! Осыған дейін Қызылжар елді-мекенінің халқы қоғамдық көлік, балаларға арналған ойын алаңшасы мен көшелерді жарықтандыру жұмысы бойынша әкімдікке арыз шағымын қалдырған еді. Дәл осы сұрақтарға жауапты баспасөз брифингінде аудан әкімінен сұрадық. Шәкір Асылханұлы бүгінде қоғамдық көлік жайы қалалық транспорт басқармасымен бірлесіп шешіліп жатқанын жеткізді. балалар алаңшасын салу үшін жер телімі қарастырылып жатқан көрінеді. Аудан әкімі шалғайдағы шағын аудан тұрғындары тасада қалып жатқан жоқ дейді. Барлық мәселе кезеңімен шешілетінін де жеткізді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Абай ауданы аумағындағы барлық көшелерге жарықтандыру жүйесін орнату тапсырылған. Осы бағыттағы жұмыстар аясында қазіргі таңда, жалпы 954 көше жарықтандырылып, жұмыс ауқымы айтарлықтай кеңейген.
Сонымен бірге ауданда абаттандыру жұмысы жүйелі. Бүгінде 16 ойын алаңша, 3 спорт алаңша, 5 гүлзар, 34 мың шаршы метрге аяқ жол салу жұмыстары атқарылған. Ал, Таза-Қазақстан акциясы аясында жыл басынан бері 37 рет сенбілік жұмыстары өткізіліп, 30 мыңнан астам адам қатысқан.
