УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ МЕРГЕНДЕР ЖИНАЛДЫ: XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Screenshot

Шымкентте спорттық оқ атудан XVI Азия чемпионатына арналған баспасөз конференциясы өтті. 30 тамызға дейін өтетін құрлықтық додаға 27 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Чемпионат ауқымы орасан: жарыс нысана көздеу мен стенд ату бойынша, 700-ден астам медаль сарапқа салынады. Пневматикалық тапанша, мылтық, қозғалмалы нысана, трап, скит, дубль-трап секілді олимпиадалық жаттығуларда үздіктер анықталмақ.

Ерлер, әйелдер, юниорлар мен жасөспірімдер – барлығы бір алаңда, бір мүдде үшін. Бұл чемпионат – тек жеңіс үшін жарыс емес, Қазақстанда спорттық атуды кеңінен дәріптеп, жас ұрпаққа серпін беретін тарихи сәт.