Мегаполис көшелерінде мотоцикл мінген полицейлер қызмет етіп жүр. Сол тәртіп сақшысының бірі Алмас Баймұсаев. Сөзінше қызметтік автокөлікті мопедке ауыстырғанына бір жарым ай болған. Мотопатрульдің айтуынша, бұл екі дөңгелекті көлік түрі тәртіпті бұзғаны туралы хабарлама түскен сәтте — ақ оқиға орнына лезде жетуге ыңғайлы дейді.
Осылайша Мотопатрульдер қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр. Ал бұл жаңашылдыққа шымкенттіктердің көзқарасы қандай. Сұрап білдік.
Мотопатрульдер қаладағы қауіпсіздікті қазан айының соңына дейін бақылауға алады. Одан кейін қызметтік автокөлікке ауысады. Себебі мотомаусым осы кезде аяқталады. Кейін мотопатрульдер көктемде қайта қызметіне кіресетін болады.
