УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ — 2025” ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Screenshot

Шымкентте қазақ күресінен 13-ші дәстүрлі «Шымкент барысы» жалауын көтерді. Аса ауыр салмақтағы алыптар аламанына биыл өңірдің ең таңдаулы деген 20-дан астам балуан бозкілемге шықты. олар енді өзара кіл мықтыны дәлелдейді.

Ашылу салтанатында қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов пен депутат Талғат Балтабев қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. Бұл – ресми тілек ғана емес, шын мәнінде жас спортшыларға демеу, қазақ күресінің абыройын көтеруге жасалған қолдау.

Шымкент барысы – жай бір қалалық турнир емес. Мұнда бірінші,екінші және үшінші орын алған спортшылар «Қазақстан барысына» тікелей жолдама алады. Демек, бұл доданың әр белдесуі – болашақ республикалық аренадағы айқастың іріктеу кезеңі, нағыз текетірестің басы.Сондай ақ 1 ші орын алған палуан 1 миллион қаржылай сияқы алса 2 орын иегері 500 мың, ал үшінші жайғасқан палуан 300 мың теңге сияқы алатын болады.

Айта кетейік, өткен жылғы «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаров бұл жолы қатыспайды. Бірақ бұл жарыстың тартымын бәсеңдетпек емес. Керісінше, жаңа есімдердің жарқырап шығуына, жас балуандардың өз мүмкіндігін көрсетуіне үлкен жол ашылмақ.