УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТІЛ САЙЫСЫ ӨТТІ

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» ! Шымкентте алғаш рет әскери қызметшілер арасында республикалық байқау өтті. Сайысты еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды. Байқауға өңірлерден іріктеуден өткен, қазақ тілін еркін меңгерген 11 әскери қызметші қатысты. Олардың қатарында Қарағанды облысынан келген Александр Сон да бар. Ол байқауға үлкен дайындықпен келгенін айтады. Сондай-ақ әскери қызметкер мемлекеттік тілге деген құрметін ерекше атап өтті.

Шараның басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту, сондай-ақ тілді жетік меңгерген азаматтарды ынталандыру болып табылады.

Айта кетейік Байқау төрт кезеңнен тұрды. Үміткерлердің білімін, тіл шеберлігін және шешендік қабілетін филолог ғалымдар, қоғам қайраткерлері және әскери сала өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Сондай ақ Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, алғысхаттар және естелік сыйлықтар табысталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау – мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатып, еліміздің айбынды сарбаздарына үлгі болатын дәстүрлі жобаға айналмақ. Мұндай іс шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.