Түркістан өңіріндегі ең ірі су қоймаларының бірі – Шардарада су есебін автоматтандыру жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында су деңгейі мен шығынын онлайн режимде өлшейтін 11 датчик 8 гидротехникалық нысанға орнатылды. Бұл құрылғылар суды дәлірек есептеуге және қолмен өлшеу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Деректер онлайн режимде беріліп, су ресурстарын тиімді әрі ашық басқаруға жағдай жасалмақ.
Аталған жоба Су ресурстары және ирригация министрлігінің Еуразиялық даму банкімен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлескен жұмысы аясында іске асырылуда.
