УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САРЫАҒАШТА КІТАПХАНАСЫ БАР ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Жағымды жаңалық! Сарыағаш ауданында 75 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанда кітапхана да қарастырылған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мәдениет ошағының іске қосылуымен құттықтады.

Өңір басшысы мәдениет ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, облыста әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Түркістан облысы құрылғаннан бері 26 мәдениет үйі мен клубтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген. Оның бесеуі Сарыағаш ауданында орналасқан. Ал Мәдениет ауылындағы жаңа мәдениет үйі облыстық бюджет есебінен салынған. Заманауи талаптарға сай ғимаратта 75 орындық көрермен залы, кітапхана, шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер мен қызметтік бөлмелер бар.

Мәдениет үйі ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға, түрлі іс-шаралар өткізуге және жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.