Түркістан полигонында жас сарбаздар үшін ерекше сынақ өтті. Екі жүзден астам жауынгер тек қару ұстап қана қоймай, шынайы ұрыс даласындағы психологиялық қысымды сезініп көрді. Бұл жолғы жаттығудың ең ауыр әрі жүрек жұлынар кезеңі – танк астында қалу. Окоп ішіне тығылған жауынгерлердің төбесінен ауыр салмақты ұрыс машинасы зымырап өтті. Бұл – тек жаттығу емес, адамның ішкі үрейін жеңіп, сабыр сақтауды үйрететін психологиялық сынақ. Жер бауырлап, тікенек сымдардың астымен жылжыған жігіттердің әр қимылы мұқият қадағаланды.
Мамандар мұндай жаттығудың әскери қызметшілердің психологиялық беріктігін қалыптастыруда маңызы зор екенін айтады.
