УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӨНЕР МЕН МЕЙІРІМ ТОҒЫСҚАН КҮН: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Балалардың қуанышы мен шат күлкісіне толы мереке күні Түркістанда ерекше білім беру қажеттілігі бар бүлдіршіндерге арналған «Шексіз әлем» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды шара ерекше балалардың қабілеттерін танытып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өңір басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, олармен еркін пікір алмасты. Сонымен қатар естелік суретке түсіп, өнер мен өмір жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Мерекелік бағдарлама ерекше балалардың қолөнер көрмесімен басталды. Көрмеге қойылған туындылар қонақтардың қызығушылығын оятып, жас шеберлердің таланты мен өмірге деген құштарлығын айқын көрсетті. Концерттік бағдарлама барысында өнерлі әрі талапты балалар ән айтып, би билеп, мерекелік кештің сәнін келтірді. Сондай-ақ даун синдромы бар балалардың қатысуымен ұйымдастырылған сән көрсетілімі көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.