УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ

«Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады»! Түркістанда дәл осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға білім, ғылым, өнер және спорт саласында биік белестерді бағындырған 40 оқушы қатысты. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері – еліміздің дамуына қосылған зор үлес екенін атап өтті.

Еркін форматта өткен дөңгелек үстелде оқушылар өздерінің болашақ жоспарлары жайында айтып, білім алу мен жетістікке жету жолында пікір алмасты. Сонымен қатар, “ашық микрофон” алаңында өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға жауап алды. Кездесуде оқушылар өздерінің алғырлықтарын көрсетіп жаңа бастамалар мен ұсыныстарын айтты.

Жиынның қорытындысы ретінде Түркістан қаласы Өнер мектебінің оқушысы, Астана қаласында өткен “Сөз бен саз” республикалық байқауының жеңімпазы Рахым Иманәлі қазақтың қара домбырасымен көпшілікке арнау тарту етті.