УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МИНИСТР АТЫШУЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖАБА АЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

Screenshot

Шымкенттіктермнн кездесу барысында қараша өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойды. Солардың бірі атышулы бағдарламаларды жабу мәселесі. Аида Балаева бұл сауалдың осы күнге дейін бақ өкілдерінен де талай рет келіп түскенін айтты. Бүгінде ол бағдарламалардың көрермені көп болғаннан соң жабу мүмкін болмай тұр деген министр, 70% халық теледидарға телміріп тұрақты көрерменге айналғанын айтады.

Жиында тұрғындар тарапынан түрлі қолөнерді жанына серік еткен жастарға қолдау білдіру сынды өтініштерде айтылды.

Шара барысында тұрғындар президенттің өзінен сұраған ЖОО жайын сұрады. Яғни, біраз жыл бұрын мәдениет институты бүгінде Мұхтар Әуезов университетімен біріккен. Үшінші мегаполиске мемлекет басшысының іс сапары барысында қаралған бұл мәселе қолдау тапқан. Тұрғындар министрден осы оқу орны бойынша қандай жұмыс жүріп жатқанын сұрады.

Жиын соңында Аида Балаева БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастарға берілген арендалық үйгк қатысты да пікірін жеткізді.