Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Іс-шарада министр елдегі мәдениет, ақпарат және қоғаммен байланыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады. Ол бүгінде үздік дамып келе жатқан ақпарат пен медиа саласын екенін айтты. Осыдан 30 жыл бұрын БАҚ саны аз болса, қазір жалпы еліміз бойынша 4906 бақ тіркелген. Оның 3018 мерзімді басылым, 238 телеарна, 99 радио бар. Осы тұста айта кетейік, биыл елімізде радио станцияларын орнатуға басымдық берілуде екен. Әсіресе шалқар радиосын ауыл-аймақтарға тарату мәселесі басты назарда дейді. Сонымен бірге, министр масс медиа саласының қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа 2 заң қабылданғанын да айтты.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардағы ақпараттардың қоғам алдындағы ашықтығы жайлы да айтылды. Бүгінде ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға бірқатар түзетулер енген. Яғни, ақпаратқа қол жеткізу саласындаға мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша функция берілген. Нақтырақ айтқанда бұл өзгерістер халық пен билік арасында сенімділік орнатуға септігін тигізеді.
