УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАЯУ ЖҮРУДЕ”: МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БАСТАҒАН КОМИССИЯ ӨКІЛДЕРІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Screenshot

Бір сыныпқа 30 бала отырғызуға болмайды. Мәслихат төрағасы бастаған комиссия тобы №75 мектептің құрылыс жұмысымен танысты. Бахадыр Нарымбетов жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтып, тамыз айының соңына дейін тағы да тексеру жұмысы жүргізілетінін ескертті.

Бүгінде 590 орынға арналған мектептің құрылысын СП Бірлік-Инжиниринг құрылыс компаниясы жүргізуде. Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, білім ошағына 750 млн теңге бөлінген, жұмыстың 90% аяқталған, құрылысты қарқынды жүргізіп тамыз айының 20-на дейін бітіреміз деп уәдесін де берді.