2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбаланады. Бұл ереже ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен бекітілген. Таңбалау жүйесі – әрбір дәрінің зауыттан бастап тұтынушыға дейінгі жолын толық бақылауға мүмкіндік береді.
Data Matrix коды – кәдімгі штрих-кодқа қарағанда ақпаратты бірнеше есе көп сақтай алады. Оны смартфон арқылы Naqty Onim мобильді қосымшасында тексеруге болады. Таңбалау тек тұтынушыға ғана емес, дәріхана иелері мен дистрибьюторларға да ыңғайлы. Жүйе арқылы қоймадағы қор мөлшерін бақылау жеңілдейді, ал заңсыз айналымдағы өнімдер автоматты түрде анықталады.
Таңбалау жүйесі тек дәрі-дәрмек сапасын ғана емес, оның ел бойынша әділ бөлінуін, тапшылықтың алдын алуды және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Заманауи технологиялар арқылы жүзеге асырылған таңбалау жүйесі – дәрі-дәрмек нарығындағы ашықтық пен қауіпсіздіктің кепілі. Бұл – халық денсаулығын қорғауға арналған маңызды қадам.
Денсаулық – өміріміздің ең қымбат қазынасы. Оны сақтау үшін жасалып жатқан әрбір қадам маңызды.
