УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

Screenshot

Шымкентте қылмыс деңгейі біршама төмендеген. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді. Дегенмен, ол құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын одан әрі күшейту қажеттігін жеткізді. Баяндамашының айтуынша, қазір полиция тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау, көше қылмыстарын болдырмау және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе, бейнебақылау камераларының санын арттыру, учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейту және тұрғындармен тығыз байланыс орнату маңызды болып отыр.

Сонымен бірге, жауапты маман қалада айыппұл салынғанымен, оны уақытылы төлемейтін азаматтар азаймай тұрғанын жасырмады. Бұл мәселе құқық қорғау органдары үшін үлкен түйткіл болып отырған көрінеді. Осы орайда, айыппұл өндіріп алу тетіктерін жетілдіру, борышкерлермен жұмысты күшейту, сондай-ақ халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары қолға алынатыны жеткізілді.