Қуыршақ театрында премьера! Мәдени мекенде көрермендер үшін неміс жазушысының ертегісі желісімен «Қасқыр болғым келеді» атты жаңа қойылым жол тартты.
Басты кейіпкер — ешқандай жай қой емес, арманы асқақ қошқар. Оның арманы — қасқыр болу. Себебі қасқырлар — мықты, батыл, ештеңеден қорықпайтын жыртқыштар. Бірақ қойылым барысында қошқар шынайы батырлық — өзіңді қабылдау, жүрек тазалығын сақтау, достық пен мейірімділікті бағалауда екенін ұғынады.Бұл — жай ертегі емес. Бұл — арманға адалдық пен өзін-өзі табу жайлы терең философиялық оқиға, — дейді өнер ұжымы.
Спектакльдің режиссері халықаралық деңгейде мойындалған, талай фестивальді бағындырған Григорий Евгеньевич Лайко. Қалалық қуыршақ театрының бұл жаңа қойылымы шығармашылық қоржынды толықтырып қана қоймай, көрерменнің есінде ұзақ сақталары анық.
