Депутаттар доп теуіп жарысты! Киелі шаһарда Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен кіші футболдан облыс біріншілігі басталды. Халық қалаулылары бүгін костюмдерін шешіп, алаңда доп теуіп жүр. Иә көз үйренбеген көрініс! Дегенмен мұндай сайысты осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өңірдің әр аудандарынан 18 құрама жасақталып, спорт додасында өзара бақтарын сынайды. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің өзі арнайы қатысты. Әкім қатысушыларға сәттілік тіледі.
Депутаттармен әкімдік аппараттарында қызмет ететін қызметкерлер футбол ойнау арқылы спортты насихаттаймыз дегенді алға тартуда.
Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбіште өз командасын жасақтап келген. Қажет болса, ойын алаңына өзі де шығуға дайын екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға арнайы кубоктармен қаржылай сыйақылар қаралған. Ал қаржыны демеушілер өз есебінен бөліп берген. Өткен жылы өткен жарыста Түркістан қалалық мәслихаты жеңімпаз атанған еді. Ал бұл жолы кубок кімге бұйырарын уақыт көрсетеді.
