УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ -3”: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛДЫ МА?

Screenshot

Шымкент қаласында “Қуатжылуорталық-3” МКК-нің 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында жылу желілерін қайта құру жұмыстарының барысы таныстырылды. Аталған бағдарламаға сәйкес 2025 жылға жалпы 454 метр жылу жүйесін жаңарту жоспарланған. Жобаның құны 17 мыңға жуық теңгені құраса, соның 13 мыңға жуығы игерілген.

Қазіргі уақытта Күншығыс шағынауданындағы 106 тұрғын үйдің жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама аясында жылу жүйелеріндегі ысыраптар 0,1%-ға қысқарып, артық жылу жоғалту жолдары жойылған.

Мамандардың айтуынша, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындарына берілетін жылу жүйесі сенімді әрі тиімді болмақ.