УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТЕННИСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

Screenshot

Шымкентте ерекше жастардың әлеуетін ашуға бағытталған ауқымды мәдени-әлеуметтік іс-шара қолға алынды. Екі күнге жалғасқан жоба аясында спорттық турнирлер, шығармашылық кеш, қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, дарынды жастар көпшілікке өз қабілеттерін паш етті.

Жоба аясында теннистер турнир өтті. Жарысқа қатысқан жастар жеңіс үшін ғана емес, өздерінің табандылығын, төзімділігін көрсету үшін де бақ сынады. Жауаптылардың айтуынша жарыс үздіктері анықталып, жеңімпаздар 12 қыркүйекте салтанатты түрде марапатталады.1 ші орын иегерлеріне – 150 мың теңге; 2 ші орын алғандарға – 100 мың теңге,3 ші орынға қол жеткізгендерге – 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық табысталатын болады.Сонымен қатар, барлық жеңімпаздарға кубок, медаль, алғыс хат табысталады.

Бұл жобаның басты ерекшелігі – тек спорт пен өнер ғана емес, мәдени-танымдық бағыттағы қосымша шаралардың қамтылуында. Жастар үшін қаладағы тарихи-мәдени нысандарға арнайы экскурсиялар ұйымдастырылыпты. Мұндай бастама олардың қоғамға бейімделуіне, шығармашылық әлеуетін көпшілікке танытуға жол ашады. Басты мақсат – ерекше жастарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы орнын айқындау.