Шымкентте жастарды кітап оқуға насихаттау жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жолы “Бір ел-бір кітап” акциясы аясында Отбасылық кітапханада “ Қазақ руханиятының қос алыбы” атты оқырман конферанциясы өтті.
Шара аясында Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармалары насихатталды. Конференцияға арнайы Мирас университетінің филологы, қазақ тілі, әдебиті пәнінің аға оқытушысы Байырбеков Марат Төреханұлы қатысты.
Жас оқырмандар қос алыптың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Конференцияда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы кеңінен талқыланды.
