УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

JASTAR FEST: “ҮЗДІК ЕРІКТІ” ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Screenshot

Шымкентте халықаралық жастар күні ескерусіз қалмады! Айтулы күнге орай жастар ресурстық орталығының мамандары Жастар Фест мерекелік кешін ұйымдастырды. Мерекелік шара барысында «ҮЗДІК ЕРІКТІ» жобасының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау ережесіне сәйкес, жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру бағытында жалпы саны 26 жоба ұсынылған . оның ішінде 5 бағыттағы жоба грант иегері атанды. Олар өздерінің жобаларын ұсынып 1 млн теңгелік қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

Мерекелік кеште жастар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, арнайы шоу мен отшашу болады деп күтілуде!