Шымкентте ұлттық құндылықты дәріптейтін, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін насихаттауға бағытталған “Есті ене, көргенді келін” сайысы өтті. Аталмыш шарада аналық ақылын арқау еткен енелер мен инабатты келіндер өзара өнер көрсетіп, ұлттық тәрбиенің үздік үлгілерін сахна төрінде паш етті. Байқауға қаланың ауданынан 5 жұп қатысты.
Жіті дайындықпен келген ене мен келін жұптары байқаудың кезеңдерінен өздерінің татулығы мен тапқырлығының арқасында сайыстың сатыларынан өтті.
Жарыстың алғашқы кезеңі таныстыру болды. Әр жұп өздерінің ән шашуымен тату отбасыларының тарихын жырлай шықты.
Кеш барысында Семейде төрінде өткен Абайдың 180 жылдық мерей тойында Сұлу әйел жобасының жеңімпазы Ақмарал Асанқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, өз жеңісінің сырын айтып өтті. 30 айел бақ сынасқан жарыстан топ жарып жеңіс тұғырын алып шыққан Ақмарал қазақы киім үлгісімен халық қошеметіне ие болды.
Екінші кезеңі жөн-жоралғылар арқылы халыққа отбасының татулығын көрсететін көрініс сайысы болды. Енелердің көрегендігін көрсететін көрініс, жас келіндерге ізет пен сәлемнің маңыздылығын сіңіртетін кеңес болды.
Әр ауданның өнерлі де өнегелі отбасылары, қазақтың ұмыт қалған дәстүрін сахна төрінде қайта жаңғыртты.
