30 тамыз – Конституция күні. Шымкенттік жолшылар мереке қарсаңында Ата заң атауы берілген көшеде сенбілік ұйымдастырды. Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалы қызметкерлері көше бойын күл-қоқыстан тазартып, қураған шөп-шаламды шапты. Осылайша шымкенттік жолшылар мерекені игі іспен бастады.
