УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ: ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Екі қолға бір күрек іздеп жүрген тұрғындарға 1500- ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Шымкентте өткен кезекті жәрмеңкеге жалпы саны 280 мекеме қатысып отыр. Қазір қай мамандарға сұраныс көп.

Жұмыс орнын ұсынғандардың қатарында кілем цехы да бар. Жұмыс берушінің айтуынша, қазірдің өзінде 70 бос жұмыс орны бар екен. Кәсіпорын өкілдері жаңа келген қызметкерлерді өздері оқытып, кәсіби маман деңгейіне жеткізуді көздейді..

Жәрмеңкеде борышкерлер мен сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қала бойынша әр ауданның жауапты өкілдері пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыс берушілермен таныстырды.

Жәрмеңке аясында 100-ге жуық тұрғын жұмыс берушілермен кездесіп, кеңес алды. Оның ішінде 15-і мүгедектігі бар жан, 22-сі пробация қызметінің есебіндегі азамат болып отыр . Аталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің Нәтижесінде 24 шымкенттік тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды.