«Арман шыңы»! Шымкентте инклюзивті шығармашылық фестивальі алғаш рет республикалық көлемде өтті. Шара аясында көру қабілеті нашар немесе бұл мүмкіндіктен толық айырылған ерекше жандар өз өнерін ортаға салды. Фестивальге еліміздің барлық өңірінен жиналған 21 талант иесі қатысты. Олар бес бағыт бойынша өзара сынға түсті. Әр номинация жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен естелік марапаттар табысталады.
Қатысушылардың бірі — Ержан Қайырханұлы. Өнерпаз жігіт Ордабасы ауданынан арнайы келген. Жартылай көзі көрмесе де, оның өнерге деген құлшынысы мен өмірге деген құштарлығы ерекше. Ол бұл байқауға жеңіс үшін емес, өз өнерін паш етіп, туған өлкесін таныту үшін қатысып жатқанын айтады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Мегаполисте Ерекше талантты жандардың қолөнері мен сөз өнеріне қолдау көрсету жұмысы тоқтамайды.
