Шымкентте әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге арналған маңызды жиын өтті.
«AMANAT» партиясы қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен фракциясы әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру және партияның жол картасын талқылады. Жиында Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева сөз алып, 2025 жылдың басынан бері 70-тен астам іс-шара өткенін, БАҚ-та 200-ден астам материал жарияланғанын атап өтті. Қазір ұйым құрамында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерін қоса алғанда, 150-ден астам әйел бар.
«Әйел Аманаты» республикалық бағдарламасы аясында іске қосылған «Қарашаш ана» жобасы ерекше назарға ие болды. Бұл жоба арқылы репродуктивтік денсаулық, бала тәрбиесі мен көшбасшылыққа бағытталған оқыту семинарлары өткізілуде. Сонымен қатар, әйелдерге арналған ай сайынғы қабылдаулар тұрақты түрде өтіп, психологтар мен заңгерлер кеңес береді. Нәтижесінде 18 әйел тұрақты жұмысқа орналасқан.
