Бұл қабырғалар талай буынды тәрбиеледі.
Ал сол буынға жарық берген, жылу берген, тазалық берген жандар көбіне назардан тыс қалып келді… Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде сол адал еңбек иелеріне арнап Еңбек» фотокөрмесін ұйфмдастырып отыр. Фотокөрме төрінде еңбектің үнсіз иелері бүгін алдыңғы қатарға шықты.
Бұл бейнелерді кәсіби фотографтар Әйгерім Бегімбет пен Нахып Шынтеміров, сондай-ақ болашақ журналистер – студенттер түсірген. Көз арқылы сөйлеп, кадр арқылы сездірген шынайы шежіре.
