УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ӘКІМНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ

Screenshot

Қала әкімінің Тұран ауданындағы кездесуі Асқаров және Исмаилов көшелерінде жалғасты. Мұнда жиналған халық көп. Тұрғындар талап-тілектерін қала басшысына жеткізуге асықты. Бірі ойын алаңшасын сұраса, енді бірі көпқабатты үйдегі жарық, жылу мәселесін қозғады. Сонымен бірге тұрғындар Құрсай шағын-ауданына автобус жүрсе дейді. Көпқабатты үйдің тұрғындары автотұрақ жайын сұрады.

Айта кетейік, кездесуде көтерілген мәселелерді қала әкімі жауапты сала басшыларына жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге, жиында кейбір мәселелер уақыт күттірмей сол жерде шешімін тапты.

Сан түрлі сауал қойылған кездесуде тұрғындар ауыз су мен кәріз жүйесіне қатысты да көптеген сауалдарын жеткізді. Әсіресе жаңа тұрғын үйлер салынған аумақта инженерлік инфрақұрылымның тұрғындар үшін үлкен түйткіл болып отырғанын айтты.

Жалпы, Тұран ауданындағы бұл жүздесу тұрғындар мен әкімдік арасындағы ашық диалог алаңына айналып, өзекті мәселелердің шешілуіне серпін берді.