Келесі жылдан бастап қоғамдық көліктегі жол ақысы қымбаттайды. Бұл туралы қала әкімі көшпелі кездесуде айтты. Ғабит Сыздықбеков алдымен Абай ауданы тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Жиынға аудан халқы көптеп жиналып, өзекті мәселелерін ортаға салды. Тұрғындар тарапынан негізінен ауыз су, электр және газбен қамту, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қатынасы жөнінде сауалдар қойылды. Бұдан бөлек, кейбір азаматтар әлеуметтік жәрдем, баспана құжатын реттеу сынды жеке мәселелерін де көтерді.
Ғабит Сыздықбеков әр сұрақты мұқият тыңдап, сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Жергілікті билік өкілдері көтерілген әрбір мәселенің шешу жолдарын түсіндіріп, олардың орындалу мерзімін айтты. Әкім қала тұрғындарымен ашық диалог орнату — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен бірге, мегаполис басшысы өзі қызмет еткен уақытта қаладағы ешқандай жердің заңсыз сатылмайтынын айтты.
Кездесуге келген азаматтар өздерінің ой-пікірін еркін жеткізіп, сұрақтарына нақты жауап алды. Мұндай көшпелі қабылдаулар алдағы уақытта қаланың қалған 4 аудандарында жалғасын табады.
