УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАЛА ӘКІМІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУҒА АЛДЫ

Screenshot

Көшпелі кездесуде бірқатар әлеуметтік мекемедегі мәселелер айтылды. Соның бірі №2 есту қабілеті төмен балалар мектеп-интернатының жайы. Ерекше балалардың ата-аналары №2 мектеп-интернатының №1 мектеп-интернатына қосылуына қарсымыз дейді. Негізгі мәселе балалардың мүмкіндігі шектеулі, олар жеке қабылдауды қажет етеді екен. Ата-аналар №1 мектеп-интернатындағы асхана, дәретхана сынды қажетті бөлмелер сыртта, балаларға қиындық тудырады ма деп алаңдаймыз дейді.

Ал бұл мәселеге көшпелі кездесуде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нақты жауап берді.

Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек екі мектеп-интернатындағы балалар саны бір мекемеге орналасуға жеткілікті дейді. Сонымен бірге, ата-аналардың көтерген мәселесі бойынша мектепке дейінгі балаларды оқытуды мекемелерде жалғастырады екен. Ал, №2 мектеп-интернаттағы бірқатар қызметкерлер №1 мектеп-интернатына ауысады дейді.