УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ТҮНГІ КІТАПХАНА”: АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Screenshot

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс шара жалғасуда. Бұл жолы мегаполисте ақынның мұрасын саз бен сөздің құдіреті арқылы ұрпақ санасына сіңдіру мақсатында “желсіз түнде жарық ай” атты поэтикалық кеші өтті. Шара “Түнгі кітапхана” жобасы аясында іске асып отыр.

Кеш барысында жиналғандар абайтанушылардың дәрісін тыңдап, Абай ауылы музыкалық театырландырылған көрінісін тамашалады. Сонымен қатар көпшілік назарына тақырыптық кітап  көрмесі мен инсталляциялар ұсынылды.

Арнаулы кешке “Абай әлемі” және “Жеті қазына” республикалық сайыстарының жеңімпаздары қатысып көрерменге Абай өлеңдерінен әдеби компазициясын орындап берді.
Шум