Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл. Шымкенттік Төтеншеліктер мерейтойға орай игі бастаманы қолға алды. «30 жыл – 30 игі іс» атты акция аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр.
Төтенше жағдай департамкнтінің маиандары Қошқар ата өзенінің бойын тазартты. Мамандар мен еріктілер өзен жағалауын қоқыстан арылтып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Бұл тек экологиялық шара ғана емес, қауіпсіздіктің алдын алу қадамы бооып саналады.
Құтқарушылардың айтуынша, табиғатты қорғау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Осылайша, Төтенше жағдайлар қызметі 30 жылдық мерейтойын елге қызмет ету арқылы атап өтуді таңдады.
