УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«БЮДЖЕТТЕН ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛМАҒАН»: ШАҺАР ТАҒЫ БІР СКВЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Screenshot

Қаратау ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы бір әлеуметтік жоба жүзеге асты. «Жасыл Жер Шымкент» ЖШС жыл сайын бір саябақ немесе сквер салуға міндеттелген келісімшарт аясында биыл Тұран-2 шағынауданында көлемі 2,7 гектар болатын заманауи сквер тұрғызды.

Жаңа демалыс аймағында балаларға арналған ойын алаңшалары, спортпен айналысуға арналған жаттығу құрылғылары және тұрғындардың серуендеуіне ыңғайлы инфрақұрылым қарастырылған.

Сала жауаптыларының айтуынша, мұндай жобалар мегаполистегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Тұрғындар енді жаңа тыныс сыйлаған бұл демалыс орнында бос уақытын тиімді өткізе алады.