УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР РЕЙДТІ ТОҚТАТПАДЫ: СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

Screenshot

Шымкентте су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Оған төтенше жағдайлар департаменті, Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасы, полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі, өрт сөндіру бөлімдерінің мобильді топтары атсалысты. Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, құтқарушылар шомылуға арналмаған аумақтарға «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту граффитилерін жазып шықты

Алайда, сақтық шараларына қарамастан, қалада биылдың өзінде тыйым салынған жерде бір жазатайым оқиға тіркеліп үлгерді. Сала жаіаптыларының айтуынша Өткен жылы мұндай қайғылы жағдай екі рет қайталанған.Барлығының себебі тұрғындардың қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарауы. Құтқарушылардың айтуынша, адамдардың бейқамдығы басты қауіптің бірі.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын белгіленбеген жерлерде суға түспеуге, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр.