22 тамыз — мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне 32 жыл толды. Қазақтың біртуар ұлын еске алу үшін Шымкент жұртшылығы ескерткіш алдына жиналды. Бір минут үнсіздікпен басталған жиынға аты аңызға айналған тұлғаның көзін көргендер, жақындары қоғам қацраткерлері мен курсанттар қатысып, құрмет көрсетті. Рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Шағын жиында сөз сөйлегендер ұлы тұлғаның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мол екенін айтты. Сонымен қатар Дінмұхамед Ахметұлының өмірлік жолын, қарапайымдылығын, зиялылығын кеңінен насихаттау керек деген пікір білдірді. Айта кетсек, 1992 жылдан бастап Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» жұмыс істейді. Шымкентте де Дінмұхамед Ахметұлы Қонавтың мұражайы бар.
